
Талдықорғанның "Жетісу" әйелдер волейбол клубы Азия клубтары арасындағы Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін ресми түрде сыйақы алды.
Құрлықтық турнирде жеңіске жеткен команданың жалпы сыйақысы бар болғаны 20 мың АҚШ доллары (шамамен 10,3 миллион теңге) болды.
Осы жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Instagram-дағы пікірлерде жанкүйерлер былай деп жазуда:
Еске сала кетейік, ”Жетісу” Азия Чемпиондар Лигасының финалында Вьетнамның “Бинх Диен Лонг Ан” клубын 3:1 есебімен (25:14, 20:25, 25:23, 25:18) жеңіп, өз тарихында алғаш рет құрлықтық турнирдің жеңімпазы атанды.