
Қазақстандық танымал волейболшы Сәбина Алтынбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына ашық жауап беріп, жеке өміріне қатысты көпшілікті қызықтырған сұраққа нүкте қойды. Спортшы қазіргі уақытта махаббатқа қайта жолыққан-жолықпағанын нақты айтты.
Instagram желісіндегі сторисінде оған "Қазір қарым-қатынаста барсыз ба?" деген сұрақ қойылды. Сәбина бұл сауалға қысқа әрі нақты жауап берді:
"Жоқ", – деді ол.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсанында Сәбина Алтынбекова қазақстандық продюсер Саят Тостықбаевпен некеге тұрған болатын. Алайда 2025 жылдың көктемінде олардың ресми түрде ажырасқаны жарияланды. Бұл некеден олардың 2021 жылы дүниеге келген ортақ баласы бар.
Өміріндегі өзгерістерге қарамастан Сібина спорттық мансабын жалғастырып келеді. Өткен маусымда ол Индонезияның "Yogya Falcons" клубының құрамында өнер көрсетті.