Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Сауд Арабиясының чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі
30.04.2025, 16:30

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының үздік сұрмергені Дуглас Жуниор "Аль-Ула" клубының құрамында Сауд Арабиясы чемпионатының жеңімпазы атанды.

Қазақстан құрамасының үздік сұрмергені Сауд Арабиясының чемпионы атанды
instagram/@douglasjr14

Бразилия футболының түлегі Дуглас Жуниор Да Силва Негрейрос Қазақстан құрамасында 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Босния және Герцеговинаға қарсы ресми ойында дебют жасап, бірден дубльмен көзге түсті. Содан бері ол ұлттық құрама сапында 91 матч өткізіп, 65 гол соқты.

Бұл көрсеткіш — Қазақстан футзал құрамасы тарихындағы ең жоғары нәтиже. Дуглас Жуниор — Қазақстан футзалының нағыз аңызы.

Футзал әлеміндегі үздіктердің бірі саналатын Дуглас он маусым бойы алматылық "Кайраттың" басты ойыншысы болды. 2024 жылдың қазанында Сауд Арабиясының "Аль-Ула" клубына ауысып, жаңа белестерге жол ашты.

Оның трансферінен "Кайрат" клубы шамамен 120 мың АҚШ доллары (57 миллион теңге) табыс тапты.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір