
Министрлік ұзақ күтілген ақшалай марапаттар бойынша түсініктеме берді.
Қазақстан Олимпиада және Паралимпиада ойындарының жүлдегерлеріне кешіктірілген сыйақыларды толықтай төледі. Туризм және спорт министрлігі 25 сәуірде спортшылар мен олардың бапкерлеріне 5 миллион 90 мың АҚШ долларына тең ақшалай марапатты аударғанын растады. Бұл сома ел тарихындағы ең ірі сыйақы көлемі саналады. Бұл туралы tengrisport.kz хабарлады.
Парижде өткен 2024 жылғы Олимпиада ойындарында спортшыларға жалпы 1 миллион 85 мың доллар алды.
Сыйақы мөлшері төмендегідей:
Мәселен, Елдос Сметов — $250 000, ал Нариман Құрбанов, Демеу Жадыраев, Нұрбек Оралбайға 150 000 доллардан берілді. Назым Қызайбай, Ислам Сәтпаев, Александра Ле қола медаль жеңгені үшін $75 000 алды.
Паралимпиада нәтижесі бойынша спортшыларға жалпы 1 миллион 460 мың доллар төленді.
Марапат төлеу уақыты созылып, қоғамда үлкен резонанс туындаған еді. Кей спортшылар сегіз ай бойы сыйақыларын күткен. Министрлік бұл мәселені Үкімет резерві есебінен шешіп, спортшылар алдындағы барлық міндеттемелерді орындағанын мәлімдеді.