Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Алты рекорд!": 17 жастағы қазақ атлеті әлемді қалай таңғалдырды?

Редактор Penalty.kz
07.07.2025, 12:44

Қазақстандық жас зілтемірші Әлихан Әскербай Астанада өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 

stan.kz
stan.kz

Бірден алты рекорд жаңарды

Әлихан тек чемпион атанып қоймай, бір жарыста үш Азия рекордын және үш әлем рекордын жаңартты.

Қоссайыста 310 келіні (жұлқа көтеру – 141 кг, серпе көтеру – 169 кг) еңсеріп, қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмады. Бұл нәтиже U17 санатындағы спортшылар арасында айқын басымдықпен жеңіске жеткізді.

Жеткіншек спортшының бұл көрсеткіші Азия тарихына ғана емес, әлемдік статистикаға да жазылды.

Жастар арасында да жүлдегер атанды

Әлихан жасөспірімдер арасында жеңіске жеткеннен кейін жастар санатында да өнер көрсетіп, тағы бір табысқа кенелді. Бұл сында ол қола медаль иемденіп, қос санатта да ел намысын абыроймен қорғады.

Қазақстан құрамасының жалпы жетістігі

Бұған дейін Қазақстан атынан Ксения Прозорова да сәтті нәтиже көрсетіп, ел қоржынына екі медаль салған еді. Ол:

  • U17 санатында — алтын медаль,
  • 20 жасқа дейінгілер арасында — күміс медаль иеленді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір