"Жайық" волейбол клубы Чемпиондар лигасында топ жарды
Батыс Қазақстан облысының намысын қорғап жүрген "Жайық" волейбол клубы Орталық Азияның таңдаулы командалары қатысқан Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Турнир Мальдив аралдарының астанасы — Мале қаласында өтті.
24.kz
6 матч – 6 сенімді жеңіс
Байрақты додаға бес мемлекеттің үздік командалары қатысқан. Қазақстандық ұжым турнир барысында алты кездесу өткізіп, барлығында сенімді басымдықпен жеңіске жетті. Жаттықтырушы Виктор Козик баптайтын “Жайық” Шри-Ланка, Непал, Мальдив және Қырғызстан құрамаларын айқын басымдықпен ұтты.
Жеке марапаттар иелері
Турнир соңында қазақстандық волейболшылар бірқатар жекелеген марапатқа ие болды:
- Виталий Эрдштейн – турнирдің “үздік ойыншысы”;
- Володимир Ковальчук – “үздік пас беруші”;
- Владимир Прокофьев – “үздік шабуылшы” атанып, арнайы жүлделермен марапатталды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet