Тісімен темір майыстырған қызылордалық жігіт желіні шулатты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Ерекше күш иесі Арал ауданында өмір сүреді. 

Тісімен темір майыстырған қызылордалық жігіт желіні шулатты (ВИДЕО)
sportinside.kz

Қызылордалық жігіттің темірді тісімен майыстырған сәті әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. 

Танымал ауыр атлет Алмас Өтешов өзінің Instagram парақшасында Қызылорда облысы, Арал ауданында тұратын ауыл жігітінің ерекше видеосын жариялады. Бейнежазбада жігіт темірді тісімен майыстырып, өзінің ерен күшін паш етеді.

«Ауылымыздан таланттар шығып жатыр.», – деп жазды Өтешов.

Бейнеролик желі қолданушыларының назарын бірден аударып, мыңдаған пікір мен лүпіл жинады. Көпшілік жігіттің табиғи дарыны мен ерекше күшіне таңдай қағып, жылы пікірлер қалдырды:

  • «Аралдың жігіттері мықты»,
  • «Тау қопаратын браттар бар»,
  • «Красавчик! Гиннестің рекордтар кітабына енуіңді тілейміз»,
  • «Қазақты мақтасаң тауды көтеретін рух бар».

Айта кетейік, мұндай ерекше қабілеті бар ауыл жастарының видеолары соңғы уақытта жиі таралып жүр. Бұл – Қазақстандағы жасырын таланттарға деген қызығушылықтың артып келе жатқанының белгісі. Желі қолданушылары мұндай дарынды жастарға қолдау көрсетілуі керек екенін жарыса жазуда.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір