Ресейде ММА федерациясының президенті той үстінде көз жұмды
Ресейдің Алтай өңірінде қанды оқиға болды. Алтай ММА федерациясының президенті әрі "АК-КЕМ" жекпе-жек клубының негізін қалаушы Алексей Калбуков той кезінде пышақ жарақатынан жан тапсырды.
sportnews.24tv.ua
Тойдағы жанжалдың соңы қасіретке айналды
Оқиға 7 тамыз күні Тюнгур ауылында өткен үйлену тойында болған. Дастархан үстінде Калбуковпен сөзге келген 74 жастағы ер адам оған жақындап, кеудесіне пышақ сұққан.
Жарақаттан көп қан жоғалтқан спорт функционері оқиға орнында жан тапсырған. Марқұм — өңірдегі жекпе-жек спортын дамытуға елеулі үлес қосқан беделді жаттықтырушы және ұйымдастырушы болған.
Тергеу басталды
Күдікті оқиға орнында ұсталып, оған қатысты кісі өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet