Сәбина Алтынбекова жаңа бапкерін таныстырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанның ең танымал әрі әдемі волейболшыларының бірі Сәбина Алтынбекова жақында спорттық мансабын елордада жалғастыруды шешкен болатын. 1 қыркүйектен бастап ол «Астана» клубының ойыншысы атанды.

Сәбина Алтынбекова жаңа бапкерін таныстырды
instagram/@altynbekova_20

Қазақстанға оралған жұлдыз

Алтынбекова Instagram желісінде жанкүйерлеріне жаңа бапкерін таныстырды.

Спортшы Stories-те былай деп жазды:

«Мейірбек Мұсабекұлының мықты бапкер екенін көп естігем. Енді өзім де оның қол астында жаттығып, ойнап жүрмін. Шын мәнінде, ол – кәсіби маман. Шетелдік бапкерлерден кем түспейді, тіпті кей тұстарда асып түседі. Профессионализм. Сабырлылық. Даралық».

Сонымен қатар Сәбина:

«Осындай шынайы ниеті бар бапкерлер көп болса екен», – деп қосты.

Бұрынғы мәлімдемесі

Айта кетейік, бұған дейін волейболшы жасөспірім кезінде волейболға алғаш келгенде, оған ешкім сенбегенін айтып, жанкүйерлерін таңғалдырған еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір