 
                Қазақстандық дзюдошы жекпе-жектері туралы пікір білдірді.
 
                Қазақстандық дзюдошы Айша Алтай Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.
Спортшы бұл жетістікке көп еңбектің арқасында жеткенін айтты.
"Екі белдесу өткіздім. Біріншісі - Моңғолия спортшысымен болды. Бұл кездесу аса қиын болған жоқ, бәрі сәтті өтті. Екінші белдесу Өзбекстан өкілімен кездестім. Қазақстанның намысын абыроймен қорғау үшін барымды салдым. Ең алдымен құдайға, сондай-ақ жаттықтырушыма және ата-анамa алғыс айтамын.
Сонымен қатар спортшы бұл жеңіс үшін көп еңбектенгенінде атап өтті:
Бұл жеңіс мен үшін ерекше мәнге ие. Азия ойындарына дейін талай оқу-жаттығу жиынын өткізіп, көп еңбектендік. Сол еңбектің өтеуі ретінде бүгін алтын медальға қол жеткіздік," - деді спортшы.