Азия кубогы-2026: Өзбекстан — Жапония матчында камбэк тіркелді
Сары құрлықтағы футзал бәсекесінің топтық кезеңіндегі шешуші матчтардың бірі С тобында өтті.
Жапония мінез көрсетті
Кездесу жоғары қарқында өтіп, нәтиже соңына дейін белгісіз болды. Дегенмен матч тағдыры шешуші сәттерде Жапония ойыншыларының пайдасына шешіліп, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстан құрамасы турнир барысында Тәжікстанмен 0:0 есебімен тең ойнап, Австралияны 4:2 есебімен ұтты.
Топтағы қорытынды жағдай
Үш турдың нәтижесінде Өзбекстан құрамасы 4 ұпай жинап, С тобында екінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Жапония 9 ұпаймен топ көшін бастап шықты.
Қалған командалардың көрсеткіші:
- Тәжікстан — 2 ұпай (3-орын);
- Австралия — 1 ұпай (4-орын).
Осылайша Өзбекстан құрамасы соңғы ойында ұпайдан қағылғанымен турнирдің келесі кезеңіне өтуді қамтамасыз етті.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.