Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады

Сарапшы, спорт журналисі

Президент еліміздің үздік теннисшісін Australian Open турниріндегі жеңісімен құттықтай отыра, болашақта одан да ірі табыстарға жететініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны тарихи жеңісімен құттықтады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Australian Open-2026 турнирінің финалындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

"Сізді кезекті жарқын спорттық жетістігіңіз — Австралияның ашық чемпионатындағы тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіз тағы да мінсіз техникаңызды, жеңіске деген қайсарлығыңызды айқын көрсетіп, әлемдік теннис қауымдастығын тәнті еткен нәтиже көрсеттіңіз. Алдағы уақытта ең беделді турнирлерде толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілеймін!" — делінген құттықтау хатта.

Бүгін Елена Рыбакина Австралияның ашық чемпионатының финалында Беларусь елінің өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенканы сенсациялық түрде 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл тарихи жеңіс Рыбакинаға Үлкен дулыға турнирлерінің екі дүркін жеңімпазы атануға мүмкіндік берді. Ол алғашқы титулын 2022 жылы Уимблдон турнирінде жеңіп алған болатын.

Осы жеңістен кейін Елена Рыбакина WTA рейтингінде үшінші орынға қайта оралады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір