Нидерландыдағы Вейк-ан-Зее қаласындағы Tata Steel Chess Challengers 2026 жарысында шахматшы Бибісара Асаубаева жоғары нәтиже көрсетті.
Асаубаева ерлер басым қатысатын тартысты турнирде 5-орынға тұрақтап, рейтингін айтарлықтай көтерді.
Вейк-ан-Зее шахмат фестивалі әлемге 1937 жылдан бері белгілі. Фестивальдің басты бәсекелері – гроссмейстерлік екі "дөңгелек" турнир: Masters және Challengers.
Challengers турнирінде Бибісара:
Осы көрсеткіш оған 13 мүмкін ұпайдың 7,5-ін жинауға мүмкіндік беріп, жалпы кестеде 5-орынды қамтамасыз етті. Сонымен қатар қазақстандық шахматшының рейтингіне +19,1 қосылды.
Блицтен үш дүркін әлем чемпионы атанған Бибісара үшін мұндай деңгейдегі турнир – алдағы ең маңызды мақсаттардың бірі алдында тәжірибе жинау кезеңі.
Айта кетейік, әлем чемпионы атағына үміткерлер турнирі 2026 жылдың 29 наурызы – 15 сәуірі аралығында Пафос қаласында (Кипр) өтеді.
Турнирдің чемпионы атанған ойыншы — 15 жастағы америкалық гроссмейстер Энди Вудворд. Ол бұған дейін шахмат әлемінің назарына FIDE Grand Swiss-2025 (Самарқанд, Өзбекстан) турнирінде түсіп, 7-орын алған. Сол жарыста Вудворд Эло рейтингі 2700-ден жоғары 14 шахматшыны артта қалдырғаны айтылып жүр.
Вейк-ан-Зееде ол тәжірибелі Василий Иванчукпен (56 жас) болған тартыста үстем түсіп, келесі маусымда Tata Steel Masters турниріне қатысу құқығын иеленді.
Ал былтыр Challengers-та 2-орын алған Айдын Сүлейманлы бұл жолы ұзақ уақыт көш бастап жүріп, мәреге таяғанда ұпай жоғалтып, 3-орынмен шектелді.