Олимпиада-2026: Шаңғышыларымыз іріктеуден ары аса алмады

Сарапшы, спорт журналисі

Спортшыларымыз үздік отыздыққа да іліне алмады. Барлығы 50-орыннан төмен нәтиже көрсетіп, жарысты ерте аяқтады.

Олимпиада-2026: Шаңғышыларымыз іріктеуден ары аса алмады
kz.kursiv.media

Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарында әйелдер арасындағы шаңғы спринтінің (классикалық әдіс) іріктеу кезеңі басталды. Қазақстан құрамасының спортшылары бұл кезеңде сәтсіз өнер көрсетті.

Іріктеу жарысына Қазақстан атынан төрт шаңғышы қатысты:

  • Надежда Степашкина,
  • Дарья Ряжко,
  • Анна Мельник,
  • Ксения Шалыгина.

Жарыс ережесіне сәйкес, ширек финалға шығу үшін үздік 30 спортшының қатарына ену қажет. Алайда іріктеу нәтижесі бойынша қазақстандық спортшылардың ешқайсысы бұл межені еңсере алмады. Барлығы 50-орыннан төмен нәтиже көрсетіп, жарысты ерте аяқтады.

Әйелдер арасындағы шаңғы спринтінің ширек финалдық кезеңдері бүгін Қазақстан уақытымен 15:45-те өтеді. Сонымен қатар осы күні ерлер арасындағы спринт бәсекесі де жоспарланған.

Айта кетейік, бүгін конькимен жүгіруден Абзал Әжіғалиев, ал мәнерлеп сырғанаудан Михил Шайдоров сынға түседі. Жарыс уақытын және қайдан көруге болатынын бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір