Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Сарапшы, спорт журналисі

Құрлықтық дода Индия елінде өтуде.

Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
ҰОК

Қазіргі уақытта Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиада комитеті.

Аталған құрлықтық додада Қазақстан құрамасы әзірге бес медаль жеңіп алды.

Жекелей сын бойынша Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда күміс жүлдеге қол жеткізді.

Командалық жарыста да отандастарымыз жүлдесіз қалған жоқ. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан ерлер құрамасы екінші орынға табан тіреді. Команда құрамында Никита Шахторин, Константин Малиновский және Ислам Сәтпаев өнер көрсетті.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы ерлер арасында пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атудан қола медаль жеңіп алды. Бұл сайыста Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин және Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады.

Бұдан бөлек, ерлер құрамасы шағын калибрлі тапаншамен 25 метрге оқ атуда үшінші нәтиже көрсетті. Команда сапында Никита Чирюкин, Кирилл Федькин және Артемий Кабаков болды.

Әйелдер құрамасы да жақсы өнер көрсетуде

Әйелдер құрамасы да табысты өнер көрсетті. Пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан қазақстандық қыздар қола жүлдеге ие болды. Жеңіс тұғырының үшінші сатысына Елизавета Безрукова, София Шульженко және Арина Малиновская көтерілді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір