Олимпиада-2026: Бүгін 7 жерлесіміз жарыс жолына шығады

Сарапшы, спорт журналисі

Ел құрамынан алғаш болып Александра Скороходова өнер көрсетеді. Жарыс Қазақстан уақытымен сағат 15:30-да басталады. 

Олимпиада-2026: Бүгін 7 жерлесіміз жарыс жолына шығады
olympic.kz

Бүгін төрткүл дүние көз тіккен, төрт жылда бір өтетін ақ Олимпиада ойындарының 6-күні. 7 жерлесіміз жарыс жолына шығады. Ел құрамынан алғаш болып Александра Скороходова өнер көрсетеді. Ол тау шаңғысының супергигант түрінен жүлдеген таласып көреді. Жарыс Қазақстан уақытымен сағат 15:30-да басталады. 

Фристайл-могул: финал

16:15-те ерлер арасындағы фристайл-могул финалдық кезеңі өтеді. Қазақстандық Павел Колмаков жүлде үшін күресті жалғастырады. Шешуші кезеңге жолдама алу үшін отандасымыз үздік сегіз спортшының қатарына енуі тиіс. Финал-2 16:55-те басталады.

Шаңғы жарысы: әйелдер

17:00-де әйелдер арасында жеке старт форматындағы шаңғы жарысы өтеді. Қазақстан атынан Надежда Степашкина, Анна Мельник, Дарья Ряжко және Ксения Шалыгина жарысқа қатысады.

Фото: sportilinet.kz

Конькимен жүгіру: 5000 метр

Кешкі 20:30-да әйелдер арасында 5000 метр қашықтыққа конькимен жүгіру жарысы басталады. Бұл сында Надежда Морозова бақ сынайды.

Олимпиада-2026 жарыстарының тікелей трансляциясын "Qazsport", "Qazaqstan", "Хабар" және "Jibek Joly" телеарналары ұйымдастырады.

Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 36 спортшы қорғап жатыр. Әзірге ұлттық құрама қоржынында медаль жоқ. Олимпиада 22 ақпанға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір