Биылғы турнирде Қазақстан атынан бес команда өнер көрсетті. Оның қорытындысы бойынша Kaz SWAT Team C командасы жеңімпаз атанды.
Қазақстандық жауынгерлер Дубайда өткен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық турнирінде тарихи нәтиже тіркеді. Осылайша, әлемдік аренада өз шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Биылғы турнирде Қазақстан атынан бес команда өнер көрсетті. Қатысушылар тактикалық тапсырмалар, кедергілер жолағы және жедел әрекет ету кезеңдері бойынша бақ сынады. Соның қорытындысы бойынша жауынгерлеріміз жалпы командалық есепте өз тарихындағы ең үздік нәтижелердің бірін тіркеді.
Турнирде Қазақстанның әйелдер командасы "Tomiris" те ерекше көзге түсті. Олар әйелдер құрамалары арасында бірінші орын алып, бірқатар ерлер командаларын да артта қалдырды.
Жалпы турнирлік кестеде "Tomiris" әлемнің үздік отыз командасының қатарына енді.
Айта кетейік, UAE SWAT Challenge – арнайы бөлімшелер арасындағы ең беделді халықаралық жарыстардың бірі.