Отандасымыз Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұған дейін отандасымыз командалық жарыста күміс медаль еншілеген еді.
Қазақстандық мерген, Париж-2024 Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында нысана көздеуден топ жарды.
Отандасымыз 50 метр қашықтықта пневматикалық винтовкамен жатып ату бағдарламасында үздік нәтиже көрсетті. Ал Никита Шахторин дәл осы бағдарламада күміс жүлдеге қол жеткізді.
Сонымен қатар, Никита Чирюкин 25 метр қашықтықта жылдам тапаншамен атудан екінші орын алды.
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алғанын хабарлаған едік. Атап айтқанда, жекелей сын бойынша Валерий Рахымжан пневматикалық тапаншамен 10 метрге оқ атуда күміс жүлдеге қол жеткізді.
Ал командалық жарыста ерлер құрамасы пневматикалық винтовкамен 10 метрге оқ атудан екінші орынға табан тіреді. Команда құрамында Никита Шахторин, Константин Малиновский және Ислам Сәтпаев өнер көрсетті.