Швециялық жеңіл атлет Арман Дюплантис жуырда сырықпен секіруден 6,31 метр биіктікті бағындырды.
Швециялық атақты жеңіл атлет Арман Дюплантис сырықпен секіруден әлем рекордын тағы да жаңартып, тарих жазды. Спортшы 6,31 метр нәтижесін көрсетіп, өзінің бұрынғы жетістігін кезекті рет жақсартты.
Жаңа рекорд Швецияның Уппсала қаласында өткен Mondo Classic турнирінде орнатылды.
Дюплантис көрсеткен 6,31 метр нәтижесі оның осыған дейінгі рекордынан (6,30 м) жоғары. Ал алдыңғы көрсеткіш 2025 жылдың қыркүйегінде Токиода өткен әлем чемпионатында тіркелген болатын.
Осылайша швециялық спортшы сырықпен секіруден әлем рекордын 15-рет жаңартты.
Арман Дюплантис қазіргі заманғы жеңіл атлетиканың ең үздік спортшыларының бірі саналады. Оның жетістіктері:
Спортшы соңғы жылдары сырықпен секіру дисциплинасында әлемдік рекордты тұрақты түрде жаңартып келеді.
Арман Дюплантис орнатқан рекордтар: