20 наурыз – Ұлттық спорт күні

Сарапшы, спорт журналисі

Бәйге, көкпар, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, құсбегілік, садақ ату, асық ату, тоғызқұмалақ. Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің басы ғана бұл.

20 наурыз – Ұлттық спорт күні
kz.kursiv.media

Бүгін “Наурызнаманың” жетінші күні – Ұлттық спорт күні.  Биылғы «Наурызнаманың» ерекшелігі - цифрлық трансформацияны насихаттайтыны белгілі.

Спорт саласы цифрландырылуда

Спорт саласы да цифрландырылып жатыр. Спортшылар, жаттықтырушы, төрешілер мен жарыс ұйымдастырушылары esport.gov.kz порталын белсенді қолданады. Платформада 170 спорт түрі, 141 федерация мен 1093 ұйым тіркелген. Жүйе уақыт өткен сайын жаңарып келеді.

Соның арқасында спорттық біліктілікті растау, жарысты жоспарлау ғана емес, жалпы саланың даму барысын бағамдаймыз. Секцияларға онлайн жазылып, жарыстарға өтініш беруге болады. Ұлттық құраманың ойын бағдарламасынан хабардар болу мүмкіндігі бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір