Астанада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді

Сарапшы, спорт журналисі

World Athletics кеңесінің шешімімен Астана 2030 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын өткізу құқығына ие болды. Шешім Польшаның Торунь қаласында өткен ресми отырыста қабылданды.

Астанада жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді
Фото: Ұлттық олимпиадалық комитет

Әлем чемпионаты 2030 жылы 15-17 наурыз аралығында өтеді. Халықаралық федерация 2028 жылы өтетін өзге де ірі жарыстардың орындарын бекітті. Мәселен, Үндістанның Одиша қаласында әлем чемпионаты ұйымдастырылса, Қытайдың Хэфэй өңірінде спорттық жүрістен командалық әлем чемпионаты өтеді. Айта кетсек, Астана бұған дейін де Азия чемпионаты сынды ірі халықаралық жарыстарды қабылдаған. 

Астанада биыл қандай шара жоспарланған?

Биыл елордада 26-29 наурызда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогының тартысты кезеңі өтеді. Еліміз алпауыт мемлекеттермен теңесіп, әлем кубогы кезеңін қабылдау құқығына ие болған Орталық Азиядағы алғашқы мемлекет атанды.

Қазір жеңіл атлетика бойынша кезекті әлем чемпионаты Торунь қаласында өтіп жатыр. Биылғы турнирге 118 елден 674 спортшы қатысады. Жарыс барысында 27 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Бұл сайыста Қазақстан атынан тек  Нора Джеруто 3000 метрге жүгіруде медаль үшін күреседі. Жалпы жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты жабық  кешенде 1985 жылдан бері өткізіліп келеді. 2004 жылдан бастап жарыс екі жылда бір рет өткізіліп, дәстүрлі түрде үш күнге созылады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір