"Қайрат" пен "Семей" Еуропаның үздік 10-на енді

Сарапшы, спорт журналисі

Жуырда УЕФА жаңартылған рейтингін жариялады. 

"Қайрат" пен "Семей" Еуропаның үздік 10-на енді
KazFootball.kz

УЕФА футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалынан кейін Еуропа клубтарының жаңартылған рейтингін жариялады. Бұл тізімде Қазақстанның екі клубы — "Қайрат" пен "Семей" үздік ондыққа кірді.

"Қайрат" үздік үштікте қалды

Алматылық "Қайрат" рейтингте өз орнын сақтап, үшінші орынға тұрақтады. Команданың еншісінде 402 ұпай бар.

Рейтингтің көшбасшылары:

  1. "Пальма Футзал" (Испания) — 622 ұпай
  2. "Спортинг" (Португалия) — 513 ұпай
  3.  "Қайрат" (Қазақстан) — 402 ұпай

Айта кетейік, алматылық клуб ширек финалда испаниялық "Картахенаға" жол беріп, турнирдің финалдық кезеңіне өте алмады. Қазіргі таңда "Картахена" рейтингте төртінші орында (337 ұпай).

"Семей" тарихи нәтижеге қол жеткізді

Қазақстанның тағы бір өкілі "Семей" клубы Еуропаның үздік командаларының қатарына қосылып, оныншы орынға жайғасты.

Команданың көрсеткіші — 184 ұпай.

Айта кетейік, "Семей" Чемпиондар лигасының ширек финалында франциялық "Этуаль" клубына есе жіберді. Ол команда рейтингте алтыншы орынға орналасқан (277 ұпай).

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 2
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір