Қазақстандық гимнастшы алтын медаль жеңіп алды
Ірі турнир Грекия астанасы Афинада өткен болатын.
Inbusiness.kz
Қазақстан құрамасының өкілі Ақмарал Ерекешева Грекия астанасы Афинада өткен Aphrodite Cup халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.
Ерекешева көпсайыста үздік атанды
Қазақстандық гимнастшы жарыстың ең басты бағдарламасы — көпсайыс бойынша бірінші орынға ие болды.
Ақмарал Ерекешева барлық жаттығулардың қорытындысы бойынша 109.700 ұпай жинап, қарсыластарынан айқын басым түсті.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар былай бөлінді:
- Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) — 109.700
- Андреа Вердес (Румыния) — 104.250
- Дара Стоянова (Болгария) — 103.450
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet