Александр Усик футболға ден қойды

Сарапшы, спорт журналисі

Украинаның атақты боксшысы, аса ауыр салмақтағы әлем жұлдызы Александр Усик өміріндегі маңызды өзгеріс туралы мәлімдеді. 

Александр Усик футболға ден қойды
instagram/@usykaa

Жаңа қызметке тағайындалды

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген украиналық Александр Усик (24 жеңіс, 15 нокаут) енді футбол саласында да жаңа белеске көтерілді. Ол Украинаның "Полесье" футбол клубының бірінші вице-президенті қызметіне кірісті.

Усик бұл шешімді өзінің өміріндегі жаңа кезең деп бағалады.

"Мен жаңа тарауды бастаймын — енді "Полесье" ФК бірінші вице-президентімін. Мен үшін бұл жай ғана лауазым емес. Бұл — украин спортының дамуына ықпал етуге, оны жаңа деңгейге көтеруге берілген мүмкіндік. Мен әрдайым күштің негізі тәртіпте, адалдықта және командада екенін айтып келемін. Бұл қағидалар мұнда да менімен бірге болады. Алғашқы бағыттарымның бірі — Украинадағы төрешілік реформасы. Ойынның негізі ашықтық пен әділдік болуы керек деп сенемін", — деді Усик.

Александр Усиктің келесі жекпе-жегі қашан өтеді

Усиктің кәсіпқой бокстағы мансабына келсек, оның келесі айқасы 23 мамыр күні Мысырдың Гиза қаласында өтеді. Бұл кездесуде атақты нидерландтық кикбоксшы Рико Верхувенмен қолғап түйістіреді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір