Бұхарада көкпардан халықаралық турнир өтеді
Қазақстан құрамасы жас ойыншылармен қатысып, басты фавориттердің бірі саналады.
Orda.kz
Қазақстан құрамасы көкпардан халықаралық турнирге қатысу үшін Өзбекстанның Бұхара қаласына келді. Ұлттық спорттан өтетін бұл додаға бірнеше елдің үздік командалары қатысады. Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Халықаралық турнирге бірнеше ел қатысады
- Қазақстан
- Қырғызстан
- Моңғолия
- Тәжікстан
- Ауғанстан
- Қытай
Сарапшылардың пікірінше, турнирдің басты фавориттері — Қазақстан мен Қырғызстан құрамалары.
Қазақстан құрамасы жас ойыншылардан жасақталды
Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Нұрдәулет Момынов бұл турнирге жас ойыншылардан құралған құрамды алып келді.
Құрамда:
- Қуаныш Кәден
- Ерғалым Жақсылық
- Ернат Мәлімбай
- Елдос Асыл
- Нұрдәулет Әлімбек
- Жанболат Ақбай
Жалпы саны — 12 көкпаршы ел намысын қорғайды.
Турнир қашан өтеді?
Халықаралық жарыс 27–29 наурыз аралығында өтеді. Ал бүгін мандаттық комиссия отырысы, жеребе тарту рәсімі ұйымдастырылады. Негізгі ойындар ертең басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet