Садақшылар Азия кубогында қос алтынға ие болды
Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңінде медаль қорын айтарлықтай толықтырды.
Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде жеңіп алды. Команда сапында Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай және Дастан Кәрімов өнер көрсетті. Финалда спортшылар Үндістан құрамасынан 5:4 есебімен басым түсті.
Сондай-ақ классикалық садақ атудан әйелдер құрамасы да алтын медаль иеленді. Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Тұрсынбек финалда Қытайды 6:2 есебімен жеңді.
Ал блоктық садақ атудан Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов сингапурлық спортшыларды 152:151 есебімен жеңіп, қола медаль жеңіп алды. Еске салсақ, бұған дейін блоктық садақ атудан командалық әйелдер сайысында Виктория Лян, Роксана және Диана Юнусова да алтын жүлде еншілеген.