Қазақстандық клуб Италия құрамасының жұлдызын қатарға қоспақ

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық футзал клубы Италия құрамасының тәжірибелі ойыншысы Алекс Мерлимді сапына қосуды көздеп отыр.

Қазақстандық клуб Италия құрамасының жұлдызын қатарға қоспақ
фото ашық дереккөздерден алынды

"Семей" Алекс Мерлимге қызығушылық танытты

Итало-бразилиялық футзалшы Алекс Мерлим мансабын Қазақстанда жалғастыруы мүмкін. 39 жастағы ойыншы осы маусым аяқталғаннан кейін Лиссабонның "Спортинг" клубынан кетеді. Ол аталған командада 11 жыл өнер көрсетті.

Португалиялық дереккөздердің мәліметінше, футзалшыны өз қатарына қосуға басты үміткерлердің бірі — "Семей". Команда Италия құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып, алдын ала байланыс орнатқан.

Еуропаның өзге клубтары да көз тігіп отыр

Бұған дейін "Семей" "Спортингтің" тағы бір ойыншысы Зики Тэні де өз құрамына шақыруға талпыныс жасаған. Алайда Алекс Мерлимнің өзі Италияға қайта оралу нұсқасын да қарастырып жатыр.

Сонымен қатар тәжірибелі футзалшыға Испанияның әйгілі "Интер Мовистар" клубы да қызығушылық білдіруде.

Алекс Мерлим биылғы маусымда "Спортинг" сапында 30 матчқа қатысып, 15 гол соққан. Бұл оның әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетуге қабілетті екенін аңғартады.