Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде үздік үштікке енді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық шахматшы Кипрдің Пафос қаласында өтіп жатқан Үміткерлер турнирінің 12-турында маңызды жеңіске жетті.

Бибісара Асаубаева Үміткерлер турнирінде үздік үштікке енді
WorldChess

Асаубаева Лагнодан басым түсті

Қазақстандық шахматшы ресейлік Екатерина Лагноны жеңіп, қоржынына тағы бір ұпай қосты. Осы нәтижеден кейін Бибісара турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты. 

Қазір 12 турдан кейін Бибісара Асаубаеваның еншісінде 6,5 ұпай бар. Ол жалпы есепте үшінші орында келеді. Ал көш басында 7 ұпаймен үндістандық шахматшы Рамешбабу Вайшали тұр.

Турнир қашан аяқталады?

Үміткерлер турнирі-2026 16 сәуірде мәоеге жетеді. Ерлер және әйелдер арасындағы додада барлығы 14 тур қарастырылған. Қатысушылар бір-бірімен екі партиядан ойнайды.

Әйелдер турнирінің жеңімпазы шахмат әлеміндегі ең басты жүлде — әлем чемпионы атағы үшін матчқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Болашақ үміткер қазіргі әлем чемпионы, қытайлық Цзюй Вэньцзюньмен кездеседі.