ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді (ВИДЕО)

Хорватияның Осиек қаласында спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінің кезекті жарыс күні мәресіне жетті. 

Милад Карими әлем кубогы кезеңінде күміс медаль иеленді (ВИДЕО)
NUR.kz

Милад Карими белтемір бағдарламасының финалында 14,933 ұпай жинап, екінші орынға тұрақтады.

Турник жаттығуындағы жүлдегерлер:

  1. Танг Чиа-Хун (Тайбэй) — 15,233
  2. Милад Карими (Қазақстан) — 14,933
  3. Анхель Барахас (Колумбия) — 14,833

Осылайша Қазақстан құрамасы Осиектегі кезеңді үш жүлдемен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына екі күміс және бір қола медаль түсті.

Бұған дейін ат снарядындағы жаттығуда Зейнолла Ыдырысов күміс жүлдегер атанса, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов қола медаль алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.