Қазақстан Ташкенттегі Әлем кубогы кезеңінде "күміс" алды
12 сәуір күні жекелей сын бойынша финалдар өтеді.
Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан Әлем кубогының кезеңінде Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды.
Қазақстандық гимнастшы қыздар топтық көпсайыс бағдарламасында жоғары нәтиже көрсетті.
- Қытай — 55,90 ұпай
- Қазақстан — 51,25 ұпай
- Беларусь — 51,10 ұпай
Қазақстан намысын келесі спортшылар қорғады:
- Айзере Нұрмағамбетова
- Айзере Кеңес
- Кристина Чепульская
- Аида Хакимжанова
- Жасмин Джунусбаева
- Мәдина Мырзабай
Жарыс әлі аяқталған жоқ. Бүгін жекелей сын бойынша финалдар өтеді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.