ҚФФ 100 млн қарыз үшін жанжалдың ортасында қалды
ҚФФ медиасеріктесі BAS Pro бас директоры Ақылбек Досжанов федерацияны ірі көлемдегі қарыз үшін айыптап, футзал матчтарының трансляциясы тоқтатылатынын хабарлады.
Қыруар қарыз дау тудырды
Қазақстан футбол федерациясы мен серіктес компания арасындағы қаржылық мәселе дауға ұласты. Досжановтың айтуынша, федерация соңғы бес ай бойы төлем жасамаған. Сондай-ақ ҚФФ өкілдері Бекжан Сафинов мен Марат Омаровты сынап, мәселені шешуге талпыныс нәтижесіз болғанын жеткізді.
“Ертең футзал трансляциясы болмайды. Федерация бес айдан бері 100 млн-нан астам теңгені төлемей отыр. Егер төлем болмаса, не үшін түсіруіміз керек? Біз осы екі адамнан Бекжан Сафин мен Марат Омаровтан жалбарынудан шаршадық. Оларға қалағандарыңызша ренжіңіздер. Бірақ оларға бәрібір. Егер сіздерде сұрақтар болса, мен шынайы жауап беруге дайынмын".
Наурыз айының соңында BAS Pro компаниясы Қазақстан Премьер-лигасы матчтарының трансляциясына бөлінетін қаржының қысқарғанын мәлімдеген. Сол кезеңде төменгі лигалардың көрсетілім құқықтары басқа ұйымға берілгенімен келісім сапасыз орындалуына байланысты серіктестік тоқтатылды.
Жанкүйерлер трансляцияны сынға алды
Маусым басталғалы бері Қазақстан Премьер-лигасы матчтарының трансляция сапасына қатысты сын көбейген. Жанкүйерлер бейнеқайталаулардың жоқ екенін және техникалық олқылықтарды жиі атап өтуде.