"Жетісу" алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды

Сарапшы, спорт журналисі

Талдықорғандық "Жетісу" волейбол клубы 2025/26 жылғы маусымда ерлер арасындағы Ұлттық лиганың жеңімпазы атанды.

"Жетісу" алғаш рет Қазақстан чемпионы атанды
instagram/@volleyfederationkz

Финалдық кезең Ақтөбеде өтті

1-4 орындарға арналған плей-офф ойындары Ақтөбеде ұйымдастырылды. “Жетісу” жартылай финалда ”Атырауды” жарыс жолынан шығарса, “Ақтөбе” өткен маусымның чемпионы — Оралдың “Жайық” командасынан басым түсті.

Осылайша шешуші финалда “Ақтөбе” мен “Жетісу” чемпиондық атақ үшін таласты.

“Жетісу” финалда мінез көрсетті

Финалдық серия үш матчқа дейін созылды. Алғашқы кездесуде “Ақтөбе” жеңіске жеткенімен кейін талдықорғандық клуб қатарынан екі ойында басымдық танытты.

Ал шешуші матчта “Жетісу” қарсыласын 3:0 есебімен ұтып, Қазақстан чемпионы атанды.

Бұл — “Жетісу” клубының ерлер арасындағы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы алтын жүлдесі. Бұған дейін команда ел біріншілігінде мұндай нәтижеге қол жеткізбеген.

2025/26 жылғы маусым қорытындысы бойынша:

1-орын — “Жетісу”
2-орын — “Ақтөбе”
3-орын — “Жайық”
4-орын — “Атырау”

Айта кетейік, сәуір айында әйелдер командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты да аяқталған. Онда да алтын медальді Талдықорғанның “Жетісу” клубы жеңіп алды.