Қаржы дауы. Бибісара Асаубаева ойын бөлісті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Әлем чемпионы анасының мәлімдемесінен кейін өзі пікір білдірді. 

Қаржы дауы. Бибісара Асаубаева ойын бөлісті (ВИДЕО)
BAQ.KZ

Қазақстандық шахматшы, блицтен үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева қаржыландыруға қатысты қоғамда талқыланған мәселеге өз көзқарасын білдірді.

Даудың басы

Бұған дейін спортшының анасы Лиана Таңжарықова Қазақстан шахмат федерациясынан соңғы төрт жылда қызына бөлінген 388 миллион теңге жайлы ақпаратқа түсініктеме берген болатын. Ол бұл қаржының қалай жұмсалғанын егжей-тегжейлі айтып, федерация басшылығына үндеу жасаған болатын.

Скриншот

Осыдан кейін Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында қысқа, бірақ мәнді пікір қалдырды:

"Біреудің ақшасын санағанды жақсы көретіндерге арналады. Бұл – Қазақстан шахмат федерациясы бюджетінің бір пайызы ғана. Басқа құрама мүшелері бұдан да аз алады. Мүмкін, сондықтан бізде ересектер арасында әлем чемпиондары немесе топ-10, топ-20 ойыншылар аз шығар?" – деп жазды шахматшы.

Асаубаеваның пікірінше, елдегі шахматшыларды қаржыландыру деңгейі жалпы алғанда жеткіліксіз. Бұл фактор халықаралық аренадағы нәтижелерге әсер етуі мүмкін.

Спортшының жетістіктері

Бибісара Асаубаева – Қазақстан шахматының басты жұлдыздарының бірі:

  • блицтен үш дүркін әлем чемпионы
  • 2026 жылғы Турнир претенденттерінде (Кипр, Пафос) екінші орын иегері.