АЧ-2026: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті

Бас редактор

Иван Иванов ядро лақтыруда қола жүлдеге ие болды. 

АЧ-2026: Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті
olympic.kz

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан өтіп жатқан Азия чемпионатында алғашқы медаліне қол жеткізді.

Ядро лақтыру сайысында қазақстандық спортшы Иван Иванов үздік мүмкіндігінде 19.41 метр нәтижесін көрсетті. Осылайша, үздік үштікке енді. 

Ал бірінші орынды Қытай өкілі Хонфэй Чен (20.18 м) иеленсе, күміс медаль тағы бір қытайлық спортшы Ченгуо Ченге (19.64 м) бұйырды. 

Турнир туралы

Азия чемпионаты Оңтүстік Кореяның Мокпо қаласында өтіп жатыр. Биыл оған құрлықтың үздік жеңіл атлеттері жиналды.