Алматы облысында 500-ден аса мерген бас қосты

Бас редактор

ISSF Әлем кубогының кезеңі басталды. 42 елдің спортшылары халықаралық турнирде кіл мықтыны анықтайды. 

Алматы облысында 500-ден аса мерген бас қосты
vistrel.club

Алматы облысында стенд атудан ISSF Әлем кубогының кезеңі ресми түрде басталды. Ірі халықаралық жарысқа әлемнің 42 елінен шамамен 550 спортшы мен ресми өкіл қатысып жатыр.

Қазақстанда өтіп жатқан дода 2–11 мамыр аралығына жоспарланған. Жарыс Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) қолдауымен ұйымдастырылды.

Бағдарлама аясында ерлер мен әйелдер арасындағы трап, скит, аралас командалық трап-микс түрлері бойынша жарыстар өтеді.

Турнирдің ашылу рәсіміне бірқатар жоғары лауазымды тұлғалар қатысты:

  • Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов;
  • ISSF президенті Лучано Росси;
  • Еуропалық ату конфедерациясының басшысы Александр Ратнер;
  • Қазақстан спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов;
  • Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

Жаңа спорт кешені ашылды

Жарыс аясында маңызды инфрақұрылымдық жоба іске қосылды. Александр Асанов атындағы ату клубының аумағында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді.

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Кешен құрамында:

  • Final Hall көпфункционалды ойын залы
  • бассейні бар спорт блогы
  • семсерлесу залы
  • жаттығу залы
  • жабық пневматикалық тир бар.