ӘЧ: Қазақстан үстел теннисінен плей-офф кезеңіне шықты
Ерлер мен әйелдер құрамасы да 1/16 финалда өнер көрсетеді.
olympic.kz
Үстел теннисінен Қазақстан ұлттық құрамасы Лондонда (Ұлыбритания) өтіп жатқан командалық әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Ерлер құрамасы – топ жеңімпазы
Қазақстан ерлер құрамасы топтық кезеңде тамаша нәтиже көрсетті:
- 3 матчтың үшеуінде де жеңіске жетті
- өз тобында бірінші орын алды.
Осылайша, отандастарымыз тікелей 1/16 финалға өтті.
Ал әйелдер құрамасы топта екінші орын алып, плей-оффқа шығу үшін қосымша матч өткізді. Бельгия құрамасына қарсы ойында қазақстандық бұрымдылар қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, үздік 32 команданың қатарына қосылды.
Енді бүгін, 4 мамыр күні, Қазақстан құрамалары 1/8 финалға шығу үшін маңызды ойындар өткізеді:
- Ерлер құрамасы — Испанияға қарсы
- Әйелдер құрамасы — Швециямен кездеседі.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet