Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды

Бокс шолушысы

Қазақстандық жас ауыр атлеттер Мысырдың Исмаилия қаласында жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 1 алтын, 2 күміс және 2 қола медаль иеленді.

Қазақстан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында бес медаль жеңіп алды
instagram/@wf_rk

Әлемдік рекорд жаңарды

Ерсейіт Бейбарыс 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ерекше көзге түсті. Ол жұлқа көтеру жаттығуында 131 келіні бағындырып, жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекордты жаңартты. 

88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Ерасыл Сәулебеков те сәтті өнер көрсетті. Ол серпе көтеруде 199 келі нәтижемен алтын медаль жеңіп алды. Ал қоссайыс қорытындысы бойынша 356 келі жинап, күміс жүлдегер атанды.

Әлихан Әскербай үш медаль жеңіп алды

Осы салмақта ел намысын қорғаған тағы бір ауыр атлет Әлихан Әскербай да жүлдесіз қалған жоқ. Ол жұлқа көтеруде 161 келі нәтижемен күміс медаль иеленді. Сонымен қатар серпе көтеруде 194 келі көтеріп, қола жүлде алды. Қоссайыс қорытындысында 355 келі көрсеткішпен тағы бір қола медаль еншіледі.

Қазақстан құрамасының жалпы нәтижесі

Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы есепте бес медаль жеңіп алды:

  • 1 алтын
  • 2 күміс
  • 2 қола