Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, қоржынға "алтын" салды

Футбол шолушысы

Жәния Бекмұхамбетова Ташкентте өткен WTT Youth Contender турнирінде U-13 санатында чемпион атанды. 

Қазақстан Өзбекстанды жеңіп, қоржынға "алтын" салды
olympic.kz

Қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен WTT Youth Contender сериясындағы ірі халықаралық турнирде қарсылас шақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды.

U-13 санатындағы турнир барысында Жәния Бекмұхамбетова алты кездесу өткізді. Қазақстандық спортшы барлық матчта жеңіске жетіп, өз жас санатындағы ең мықты ойыншы екенін дәлелдеді.

Финалда Бекмұхамбетова жарыс қожайыны Өзбекстан өкілі Ясмина Назаровамен кездесті. Шешуші матчта қазақстандық теннисші қарсыласын 3:0 есебімен сенімді ұтты.

Партиялар есебі — 11:7, 11:3, 11:7.

Қазақстандық спортшы әлемдік рейтингте үздік ондықта тұр

Жәния Бекмұхамбетова қазіргі таңда өз жас санаты бойынша әлемдік рейтингте жетінші орында келеді. Ташкенттегі жеңіс оның халықаралық аренадағы позициясын одан әрі нығайта түсуі мүмкін.