ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақстандық спортшы чемпионатта тарихи нәтиже көрсетті

Ауыр атлетикадан Талдықорғанда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында 88 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлде иелері белгілі болды.

Қазақстандық спортшы чемпионатта тарихи нәтиже көрсетті
Спортты дамыту дирекциясы

Жарыстың басты сенсацияларының бірі әлем рекордшысы Әлихан Әскербай төменгі салмақтан жоғары категорияға ауысып, жаңа салмақта сынға түсті. Алайда бұл салмақта жеңіс Едіге Ембердіге бұйырды. Ол серпе көтеруде алғашқы мүмкіндіктен-ақ қарсыластарынан озып шығып, жаңа рекорд орнатты. Астаналық спортшы жалпы есепте 360 келіні (158+202) бағындырып, Қазақстан чемпионы атанды.

Жүлдегерлер тізімі

  1. Едіге Емберді (Астана қаласы) - 360 келі (158+202) 
  2. Нұржан Жұмабай (Алматы облысы) - 345 (155+190)
  3. Әлихан Әскербай (Жетісу облысы) - 336 (161+175)

Ұлттық додаға еліміздің 16 өңірінен 160-тан астам спортшы қатысуда. Чемпионат жеке және командалық сынақ форматында өтеді және 19 мамырға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.