Әлем чемпионы Қазақстан чемпионатында абсолютті рекорд орнатты (ВИДЕО)
Талдықорғанда ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатында Артем Антропов 110 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді.
Үш бірдей рекорд жаңартты
Басты фаворит саналған Артем Антропов өз мықтылығын толық дәлелдеді. Жарыс барысында жұлқа көтеруде, серпе көтеруде және қоссайыс қорытындысында Қазақстан рекордын жаңартты.
Антропов жұлқа көтеруде 175 келіні, ал серпе көтеруде 230 келіні еңсерді. Қоссайыс қорытындысы бойынша 405 келі жинап, қарсыластарынан айқын басым түсті.
110 келіге дейінгі салмақтағы үздіктер
Қазақстан чемпионатында 110 келіге дейінгі салмақта жүлделі орын алған спортшылар тізімі төмендегідей:
- Артем Антропов — Қарағанды облысы, 405 келі / 175+230
- Матвей Макрушин — Жетісу облысы, 350 келі / 155+195
- Темірлан Оқашев — Шығыс Қазақстан облысы, 347 келі / 150+197
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.