Ұлттық құрама тізгінін жаңа бас бапкер ұстады

Бокс шолушысы

Бұған дейін ол "Атырау", "Ақтөбе" клубтарында және Қазақстанның U-21 құрамасында жұмыс істеген.

Ұлттық құрама тізгінін жаңа бас бапкер ұстады
Sports.kz

Волейболдан Қазақстан ерлер құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды. Ұлттық федерацияның мәліметінше, бұл қызметті енді Сергей Трикоз атқарады.

Маман қазірдің өзінде ұлттық командамен жұмысқа кірісіп кеткен. Қазақстан құрамасы оның жетекшілігімен 2026 жылғы Азия ойындарына дайындықты бастады.

“Тәжірибелі маманның білімі мен кәсібилігі ұлттық құраманың дамуына үлкен үлес қосады деп сенеміз” – делінген ресми хабарламада.

Трикоздың тәжірибесі

Сергей Трикоз бұған дейін Қазақстан чемпионатында бірнеше клубпен жұмыс істеген. Ол 2017/18 маусымында "Атырау" командасында еңбек етсе, 2020-2022 жылдары "Ақтөбе" клубын жаттықтырды.

Сонымен қатар маман Қазақстанның U-21 жастар құрамасын да басқарған. Оның жетекшілігімен жас волейболшылар әлем чемпионатында ел намысын қорғады.

Құрама Азиадаға дайындықты бастады

Қазақстан ерлер құрамасы Сергей Трикоздың басшылығымен 2026 жылғы Азия ойындарына дайындалып жатыр. Оқу-жаттығу жиыны Ақтөбе қаласында өтуде.

Бапкерлер штабы үшін алдағы кезеңде құрамды жасақтау, ойын жүйесін қалыптастыру және халықаралық жарыстарға дайындық деңгейін көтеру басты міндет болмақ.

Қазіргі таңда волейболдан Қазақстан ерлер құрамасы FIVB әлемдік рейтингінде 70-орында тұр.

Азиада-2026 Жапонияда өтеді

2026 жылғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияда өтеді.