Қазақстан Еуропа чемпионатын Португалияға қарсы жеңіспен бастады (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Албания астанасы Тиранада соккадан Еуропа чемпионаты жалауын көтерді.

Қазақстан Еуропа чемпионатын Португалияға қарсы жеңіспен бастады (ВИДЕО)
mustafinmag.kz

Матч тағдырын бір гол шешті

Қазақстан топтық кезеңнің алғашқы ойынында Португалиямен кездесті. Тартысты өткен матчта жігіттеріміз 1:0 есебімен басым түсті. Кездесудегі жалғыз голды Александр Сергешев соқты. Ол 39-минутта қақпашы қайтарған допты тиімді пайдаланып кетті. 

Осылайша Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатын маңызды үш ұпаймен бастады.

Келесі қарсылас

Алғашқы турдағы жеңістен кейін Қазақстан құрамасын топтық кезеңде тағы екі маңызды матч күтіп тұр.

21 мамырда Латвияға қарсы ойнаса, ал 22 мамырда Украина құрамасымен ойнайды. Екі матч та 19:00-де басталады.

Сокка деген қандай спорт?

Сокка — шағын форматтағы футбол түрі. Бұл спортта командалар 6×6 форматында ойнайды.

Сокканың негізгі ерекшеліктері:

  • алаң көлемі — 50×30 метр;
  • матч екі таймнан тұрады;
  • әр тайм 20 минуттан ойналады;
  • әр команда сапында бір қақпашы және бес алаң ойыншысы болады.

Бұл формат жылдамдықты, дәл пас беруді және қысқа уақыт ішінде шешім қабылдауды талап етеді.