"Қайрат" жаңа бас бапкерін таныстырды

Жекпе-жек шолушысы

Алматылық "Қайрат" футзал клубы команданың жаңа бас бапкері қызметіне Густаво Парадеданың тағайындалғанын ресми түрде хабарлады.

"Қайрат" жаңа бас бапкерін таныстырды
Instagram/@afckairat

"Қайратқа" жақсы таныс маман

Густаво Парадеда алматылық клуб үшін бөтен адам емес. Ол 2004-2009 жылдар аралығында "Қайраттың" қақпасын қорғап, маңызды жетістіктерге жетті.

Атап айтқанда, "Қайратпен" бірге УЕФА кубогының қола жүлдегері атанып, клуб тарихындағы алғашқы еуропалық марапаттардың бірін жеңіп алған ойыншылардың қатарында болды.

Клуб құрылымында қызмет атқарды

Соңғы жылдары Парадеда "Қайрат" жүйесінде жұмыс істеп, негізгі команда мен академияның спорттық директоры қызметін атқарды.

Өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында команданы уақытша тізгіндеп, Қазақстан чемпиондығына алып келген еді.

Клубтың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, маманмен жасалған келісімшарт үш жылға есептелген.