"Астана" шабандозы "Джиро д’Италия" додасының 12-кезеңінде үздік үштікке енді
Италиядағы беделді веложарыстың кезекті кезеңі Империя — Нови-Лигуре бағыты бойынша өтті. Шабандоздар жалпы ұзындығы 175 шақырым болатын қашықтықты бағындырды.
12-кезеңнің үздіктері
Кезең жеңімпазы атанған бельгиялық велошабандоз Алек Сегарт Bahrain — Victorious командасының намысын қорғады. Ол қашықтықты 3 сағат 53 минутта жүріп өтті.
Екінші орынға Lotto Intermarché өкілі Тон Артс жайғасты. Ол жеңімпаздан небәрі 3 секундқа қалып қойды.
Ал XDS Astana Team шабандозы Гильермо Томас Сильва да дәл осындай уақыт айырмасымен үшінші орын алды.
Astana Team шабандоздарының нәтижелері
Қазақстандық велокоманда сапындағы басқа шабандоздар да негізгі топпен бірге мәреге жетті.
Харольд Мартин Лопес 33-орыннан көрінсе, Альберто Беттиоль 36-сатыға тұрақтады. Кристиан Скарони 38-орынды иеленді. Бұл үшеуі де кезең жеңімпазымен бірдей уақыт көрсетті.
Диего Улисси мәреге 66-шы болып жетіп, көшбасшыдан 50 секунд ұтылды. Ал Арьен Ливинс пен Маттео Малучелли сәйкесінше 153 және 160-орындарға орналасты.
Жалпы есептегі жағдай
12 кезеңнен кейін жалпы есепте Bahrain — Victorious командасының шабандозы Афонсу Эулалиу көш бастап тұр. Оның жалпы уақыты — 48 сағат 10 минут 38 секунд.
Екінші орында Team Visma | Lease a Bike өкілі, даниялық Йонас Вингегор келеді. Ол көшбасшыдан 33 секундқа қалып отыр.
Үздік үштікті Netcompany INEOS шабандозы Тимен Аренсман түйіндеді. Оның уақыт айырмасы — 2 минут 3 секунд.
XDS Astana Team жалпы классификацияда
XDS Astana Team құрамындағы ең үздік нәтиже әзірге Кристиан Скарониге тиесілі. Ол жалпы есепте 13-орында тұр. Көшбасшыдан айырмасы — 4 минут 54 секунд.
Команданың басқа шабандоздарының көрсеткіші төмендегідей:
- Харольд Мартин Лопес — 21-орын, +9:49
- Диего Улисси — 33-орын, +34:07
- Гильермо Томас Сильва — 65-орын, +1:17:59
- Альберто Беттиоль — 79-орын, +1:37:47
- Арьен Ливинс — 158-орын, +2:52:30
- Маттео Малучелли — 159-орын, +2:54:45