Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында екінші матчын өткізді
Тиранадғы топтық кезеңнің екінші турында ұлттық команда Латвиямен 0:0 есебімен тарқасты.
Екі ойыннан кейін 4 ұпай жинады
Латвиямен тең нәтижеден кейін Қазақстан құрамасының еншісінде 4 ұпай бар. Қазір топ көшбасшысы — Украина құрамасы. Украиналықтар екі матчта да жеңіске жетіп, 6 ұпай жинады.
Украина қарсыластарының қақпасына жалпы 8 гол соғып, қақпасына бірде-бір доп жіберген жоқ. Осылайша олар мерзімінен бұрын 1/8 финалға жолдама алды.
Шешуші матч Украинаға қарсы өтеді
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін дәл осы Украинаға қарсы өткізеді. Матч 22 мамырда өтеді және Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Бұл ойын Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңіндегі жағдайына әсер етуі мүмкін.
Айта кетейік, алғашқы турда біздің команда Португалияны 1:0 есебімен ұтқан. Сол кездесудегі жалғыз голды Александр Сергешев соқты.