"Астана" шабандозы "Джиро д’Италия"-2026 кезеңінде жеңіске жетті (ВИДЕО)
XDS Astana Team командасының италиялық велошабандозы Альберто Беттиоль "Джиро д’Италия"-2026 суперкөпкүндігінің 13-кезеңінде үздік нәтиже көрсетті.
Беттиоль мәреге бірінші жетті
Алессандрия — Вербания бағыты бойынша өткен кезеңнің жалпы қашықтығы 189 шақырым болады. Альберто Беттиоль 13-кезеңді 3 сағат 51 минут 33 секундта жүріп өтіп, қазіргі сәтте жарыс көшін бастап тұр.
Италиялық шабандоздың бұл нәтижесі “Астана” командасы үшін “Джиро д’Италия” жарысындағы маңызды жетістіктердің бірі болды.
Үздік үштікке кімдер кірді?
Кезең қорытындысы бойынша екінші нәтиже Uno-X Mobility командасының өкілі Андреас Лекнессундқа тиесілі. Ол Беттиольден 26 секундқа қалып қойды. Үшінші орынға Soudal Quick-Step командасының бельгиялық шабандозы Яспер Стюйвен орналасты. Оның көшбасшыдан айырмасы — 44 секунд.
“Астана” командасының тағы бір өкілі Харольд Мартин Лопес қазір 39-орында тұр. Ол кезең жеңімпазынан 13 минут 6 секундқа қалып келеді. Ал Арьен Ливинс 57-сатыға жайғасқан. Оның Беттиольден айырмасы — 16 минут 52 секунд.