Софья Самоделкина Мексикадағы танымал мұз шоуына шақырту алды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жазда Мексикада өтетін "Passio Tour-2026" мұз айдынындағы шоуда өнер көрсетеді.
Гала-концерт 4 шілдеде Мексиканың Сантьяго-де-Керетаро қаласында өтеді. Іс-шараны Мексиканың танымал мәнерлеп сырғанаушысы әрі Олимпиада қатысушысы Донован Каррильо ұйымдастырып отыр. Қазақстан құрамасының көшбасшысы Самоделкина аталған шоуға арнайы шақырылған жұлдызды қонақ ретінде қатысады. Ұйымдастырушылар спортшының техникасы мен әртістік шеберлігіне ерекше баға берген.
“Самоделкина Олимпиада ойындарының үздік ондығына кіреді және әйелдер мәнерлеп сырғанауының стилін жаңа деңгейге көтерген спортшы. Ол техникасы, орындау шеберлігі және әрбір өнер көрсетуінде ерекше із қалдыратын харизмасымен танымал”
Аталған шоуға ISU Challenger сериясының және чемпионаттардың жүлдегерлері Александр Селевко, Донован Каррильо, Максимилиано Фернандес, Андреа Монтесинос сынды үздік мәнерлеп сырғанаушылар шақырылған. Ресми сайтқа сүйенсек іс-шараның билеттер құны 950 доллардан басталып, 3500 долларға дейін жеткен.
Софья Самоделкина 2026 жылы Италияның Милан қаласында өткен Олимпиада ойындарында тарихи нәтижеге қол жеткізді. Қазақстандық спортшы әйелдер арасындағы жекелей сында 10-орын алып, ел тарихындағы ең үздік көрсеткішті тіркеді. Сондай-ақ ол Олимпиада барысында жеке рекордын жаңартып, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 207,46 ұпай жинаған еді.