Қазақстан қоржыны Азия чемпионатында тағы бір медальмен толықты
Самирхон Абабакиров таеквондодан қола медаль жеңіп алды.
olympic.kz
Қазақстан құрамасы Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы бір жүлдеге қол жеткізді. Бұл жолы ел қоржынына Самирхон Абабакиров қола медаль салды.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Самирхон Абабакиров Иран өкілі Махди Хаджимусаимен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.
Бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов 54 келіге дейінгі салмақта, Назым Махмұтова 73 келіге дейінгі салмақта, ал Эльдар Бірімбай 74 келіге дейінгі салмақта қола медаль алған еді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet