Қазақстан Германияны ойсырата жеңіп, соккадан Еуро-2026 ширек финалына шықты (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Соккадан Қазақстан құрамасы Албания астанасы Тиранада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

Қазақстан Германияны ойсырата жеңіп, соккадан Еуро-2026 ширек финалына шықты (ВИДЕО)
soccafederation.com

Германияны 4:0 есебімен ұтты

Қазақстан құрамасы 1/8 финал кезеңінде Германиямен кездесіп, қарсыласын сенімді түрде жеңді. Матч 4:0 есебімен аяқталды.

Қазақстан сапынан гол соққандар: Александр Кислицын, Төрехан Досов, Диас Үсейінов және Олжас Тайбасаров. Бұл жеңістен кейін ұлттық құрама Еуро-2026 ширек финалына шықты. Келесі кезеңдегі қарсылас кейінірек белгілі болады.

Топтық кезеңде қалай ойнады?

Қазақстан құрамасы топтық кезеңде де тұрақты нәтиже көрсетті. Ұлттық құрама алғашқы матчта Португалияны 1:0 есебімен жеңді. Одан кейін Латвиямен өткен кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Ал топтағы соңғы ойында Украинамен тартысты матч өткізіп, 2:2 есебімен тең түсті.

Осы нәтижелер Қазақстанға плей-офф кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.

Сокка деген қандай спорт?

Сокка — футболдың 6×6 форматындағы түрі. Бұл ойында әр команда сапында бір қақпашы және бес алаң ойыншысы болады.

Матчтар көлемі 50×30 метр болатын алаңда өтеді. Ойын екі таймнан тұрады, әр тайм 20 минутқа созылады.