ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Бішкекте көркем гимнастикадан Азия чемпионатында командалық көпсайыста күміс жүлдеге ие болды.

Қазақстан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық гимнасшылар құрлықтық доданың жалпыкомандалық есебінде екінші орын алды. Командалық көпсайыстың қорытындысы бойынша спортшыларымыз 263,65 ұпай жинады.

Бұл есепке гимнасшылардың жеке сын мен топтық жаттығуларда көрсеткен нәтижелері енгізілді. Азия чемпионатының алтын жүлдесін Өзбекстан құрамасы иеленді. Олар 265,8 ұпай жинады. Үздік үштікті 262,85 ұпаймен Қытай құрамасы түйіндеді.

Айта кетейік, Бішкектегі турнирде Қазақстан атынан жеке бағдарламада Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы сынға түсіп жатыр.

Ал топтық жаттығуларда ел намысын Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова, Кристина Чепульская, Мәдина Мырзабай, Аида Хәкімжанова және Жасмин Жүнісбаева қорғайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.